Бүгін оқу ордамызда 7-мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9-мамыр – Жеңіс күніне орай, топ жетекшілердің бастамасымен «Халықтың ерлігі – ғасырлар бойы өмір сүреді» тақырыбындағы тәрбие сағаттары өткізілді.
Ерлік сабағының мақсаты – жас ұрпақтың бойында туған жеріне, еліне, Қазақстанның Қарулы Күштеріне деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
Тәрбие сағаттары барысында патриотизм мен ұлтжандылық құндылықтары кеңінен насихатталды. Ерлікке тағзым ету, өткенге құрмет көрсету – болашақ ұрпаққа берер тәрбие бастауы.
Оқушылар белсенділік танытып, тарихи оқиғаларға шолу жасап, естеліктер мен деректер арқылы Отанға деген сүйіспеншілігін паш етті.
Болашақ ұрпақты елін сүйетін, бейбіт өмірді қадірлей білетін азамат етіп тәрбиелеу – ортақ міндетіміз.

Comments are closed