Колледжімізде өткен «Білімде жаңа тәсілдер – болашақта жаңа жетістіктер» айлық іс-шарасы аясында олимпиаданың үшінші кезеңі бойынша бизнес-жоспар құру сайысы сәтті өткізілді.
Алғашқы екі кезеңнен іріктеліп алынған 10 үздік студент өздерінің креативті ойлары мен іскерлік қабілеттерін таныта білді. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты – студенттер өз қиялындағы немесе нақты өмірде жүзеге асыруға болатын бизнес-идея ойлап тауып, оны нақты жоспар түрінде ұсынуы.
Шығармашылық пен жан-жақтылықты талап еткен сайыс нәтижесінде орын иегерлері анықталып қаржылай марапатталса, қалған қатысушылар әртүрлі арнайы номинациялармен марапатталды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар – әкономика пәнінің оқытушылары студенттердің кәсіпкерлік ой-өрісін дамытуға бағытталған тамаша алаң жасай білді.
Бұл байқау – білім алушылардың тек теориялық білімін ғана емес, сонымен қатар шынайы өмірге бейімделу қабілетін арттыруға үлкен серпін берді.

#

Comments are closed