2025 жылғы 20 мамыр күні “Түркістан Ахмет Ясауи” кәсіби колледжінде “Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары кездесу ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға Құқықтану, Есеп және аудит, Дене тәрбиесі және спорт мамандықтарының түлектері арнайы шақырылып, оқу ордасымен қайта қауышып, сағынышқа толы сәттермен бөлісті.
Кездесу барысында түлектер студенттік шақтың жарқын сәттерін еске алып, колледж қабырғасында алған білім мен тәрбиенің өмірлік маңызына тоқталды. Ұстаздарға деген алғыс сөздер айтылып, жылы лебіздер жолданды.
Шара аясында ұстаздар мен түлектер арасындағы рухани сабақтастық, кәсіби байланыс және өзара сыйластықтың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Мұндай кездесулер оқу орнының көпжылдық тарихын, дәстүрін жалғастыруға, жастардың мамандыққа деген құрметін арттыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады. Алдағы уақытта бұл игі дәстүр жалғасын табады деп сенеміз.

Comments are closed