ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қимыл агенттігінің Түркістан облысы департаменті маманы Қыдырбай Қасиет Өмірбекқызы арнайы келіп, «Жемқорлық-індет, күресу- міндет» тақырыбында мазмұнды кездесу өткізді.
Мақсаты: Жемқорлық туралы ұғым қалыптастыру, қоғамның әр түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін нығайту. Шара барысында әлемдегі сыбайлас жемқорлықтың тарихы, Қазақстан тарихындағы сыбайлас жемқорлық туралы ақпараттар берілді. «Жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында баяндама оқылып, жемқорлық туралы бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, жемқорлыққа қатысты сұрақтар қойылды. «Жемқорлық-індет, күресу- міндет» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

#

Comments are closed