Жұмысшы мамандықтар жылы аясында колледжімізде заманауи талаптарға сай тігін цехы өз жұмысын бастады.
– Бұл цех – білім алушылардың тек теориямен шектелмей, нақты өндірістік ортада тәжірибе жинақтауына үлкен мүмкіндік береді.
– Тігін цехында қазіргі таңда білім алушылар мен оқытушылар бірлесе отырып, тапсырыспен киім тігу, жөндеу, сән үлгілерін дайындау бағытында белсенді жұмыс жасауда.
Сонымен қатар, бұл орталық шағын кәсіпкерлікке алғашқы қадам ретінде жас шеберлерге өз өнімдерін жасап, нарыққа шығаруға жол ашады.
Білім алушыларға арналған арнайы шеберлік сағаттары, көрмелер мен байқаулар ұйымдастырылып, олардың шығармашылық қабілеттері дамытылуда.
Мақсатымыз – сапалы білім бере отырып, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті, кәсіптік дағдылары жоғары маман дайындау!

Comments are closed