Бүгін «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспарына сәйкес білім алушылары арасында студенттердің бойына адалдық құндылықтарын сіңіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Таза сессия» акциясы аясында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында топ жетекшілерінің тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағатында студенттерге сыбайлас жемқорлықтың зардабы мен оны болдырмаудың жолдары жайында және «Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» жобаларының маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек екендігі түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

#

Comments are closed