2025 жылдың мамыр айында колледжде «Жұмысшы мамандықтар жылы» жоспарына сәйкес «Аспазшы» біліктілігі бойынша мектеп оқушыларының қатысуымен арнайы пән оқытушыларының жетекшілігімен карвинг өнері бойынша мастер-класс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — оқушыларды аспаздық бағыттағы кәсіби дағдылармен таныстыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру болды.
Мастер-класс барысында қатысушылар жемістер мен көкөністерді әртүрлі форматта көркемдеп ою, сәндеу тәсілдерін меңгеріп, карвинг өнерінің негізгі әдістерін іс жүзінде орындап көрді.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттырды. Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында осындай тәжірибелік сабақтардың маңызы зор.

#

Comments are closed