2025 жылдың сәуір айында «Жұмысшы мамандықтар жылы» жоспарына сәйкес колледж арнайы пән оқытушыларының жетекшілігімен мектеп оқушыларының қатысуымен кәсіби бағыттағы мастер-класстар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар «Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы» және «Веб-дизайнер» мамандықтары бойынша практикалық тапсырмалар орындап, сала мамандарынан теориялық және тәжірибелік білім алды.
Мастер-класстардың мақсаты — оқушыларды заманауи ақпараттық технологиялар саласының ерекшеліктерімен таныстыру, олардың кәсіби бағдарын қалыптастыру және мамандыққа деген қызығушылығын арттыру болды.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар тарапынан үлкен қызығушылық пен белсенділік танытылды. Осындай тәжірибелік сабақтар оқушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауларына ықпал етеді.

Comments are closed