Оқу ордамызда «Аспазшы» мамандығы бойынша білім алып жатқан бітіруші студенттер үшін маңызды кезеңдердің бірі — демонстрациялық емтихан өз деңгейінде ұйымдастырылуда.
Бүгінде студенттер «Әлемнің ұлттық тағамдарын дайындау технологиясы» атты кәсіптік модуль негізінде емтихан тапсырып, өздерінің теориялық білімдері мен практикалық шеберліктерін көрсетті. Емтихан барысында әр студент түрлі елдердің ұлттық тағамдарын дайындап, заманауи аспаздық талаптарға сай кәсіби машықтарын ортаға салды.
Бұл емтихан — студенттердің тек оқу жетістігін бағалау құралы ғана емес, сонымен қатар олардың болашақ еңбек нарығына дайын екендіктерін көрсететін маңызды кезең.
Іс-шара студенттердің жауапкершілікпен жұмыс істеу, уақытты тиімді пайдалану, гигиеналық талаптарды сақтау және ас дайындау мәдениетін терең меңгергенін дәлелдеді.
Колледж ұжымы бітіруші түлектерге сәттілік тілейді және олардың кәсіби шеберліктерінің одан әрі шыңдала түсетініне сенім білдіреді!

#

Comments are closed