2025 жылдың 18 маусымы күні оқу ордамызда «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында маңызды іс-шара – бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Аймақтың кәсіпорындары мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен өткен бұл жәрмеңке колледж түлектері үшін үлкен мүмкіндікке айналды.
Шақырылған қонақтар жас мамандарға жұмыс орындарын ұсынып қана қоймай, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, еңбек нарығындағы талаптар мен мүмкіндіктер жайлы пайдалы ақпараттармен бөлісті.
Іс-шара түлектердің болашақ маман ретінде сенімді қадам жасауына, жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатуына септігін тигізді.
Бұл жәрмеңке – колледж бен өндіріс орындары арасындағы ынтымақтастықтың тағы бір жарқын көрінісі.

Comments are closed