«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес оқу ордамызда «Жұмысшы мамандықтарының кәсіпорындағы маңызы» тақырыбында әлеуметтік әріптестермен бірлесе отырып дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – жұмысшы мамандықтарының еңбек нарығындағы рөлін айқындау, жұмыс берушілер мен оқу орны арасындағы байланыстарды нығайту, студенттердің кәсіби бағдарын нақтылау.
Дөңгелек үстел барысында өндірістік мекеме өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, жұмысшы кадрлар даярлаудағы өзекті мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салды.

#

Comments are closed