2025 жылдың 25 маусымнан бастап Түркістан облысында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжат қабылдау басталды.
2025–2026 жаңа оқу жылында грант негізінде 15 500 талапкерді қабылдау жоспарланып отыр. Оның ішінде 9 600 орын жұмысшы мамандықтарға берілді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы (гранттар) IT, энергетика, машина жасау, техникалық, ауыл шаруашылығы және басқа мамандықтар бойынша артты.
Құжаттарды электрондық үкімет порталы egov.kz арқылы немесе колледжге барып тапсыруға болады.
Талапкерлерге 4 мамандық пен 4 колледжді таңдап, бір уақытта құжат тапсыру мүмкіндігі берілген.
Орта буын және қолданбалы бакалавриатмамандықтарына түсу үшін байқау міндетті және бейіндік пәндер бойынша аттестаттың орташа баллы негізінде өткізіледі.
Жұмысшы біліктілігін алғысы келетін түлектер колледжге әңгімелесу нәтижесі бойынша қабылданады.
Педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін эссе немесе диктант, ал медициналық мамандықтар бойынша бейіндік емтихандар өткізіледі.
Сонымен қатар, колледжге қабылдау кезінде ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы №261 бұйрығына сәйкес квота көзделген. Бұйрықтың толық мәтінімен «Әділет» құқықтық порталында танысуға болады.
1) білікті жұмысшы кадрларды даярлаудың күндізгі нысаны:
күндізгі нысаны: 25 маусым – 25 тамыз.
2) орта буын және қолданбалы бакалаврларды даярлаудың күндізгі нысаны:
негізгі орта білім (9-сынып) базасында 25 маусым – 18 тамыз;
жалпы орта (11-ші сынып), ТжКБ базасында 25 маусым – 20 тамыз;
- ақылы негізде 25 маусымы – 25 тамыз;
- оқудың кешкі және сырттай нысанына – күнтізбелік жылдың 25 маусым – 20 қыркүйек;
- шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша – 25 маусым – 20 шілде.
- педагогикалық және медициналық мамандықтарға – 25 маусым-10 тамыз.
Оқуға түсуге қажетті құжаттар:
- Өтініш (колледжде арнайы үлгімен толтырылады)
- Білім туралы құжаттың түпнұсқасы:
- 9-сыныптан кейін – негізгі орта білім туралы аттестат
- 11-сыныптан кейін – жалпы орта білім туралы аттестат
- Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме)
- 16 жасқа толмағандар үшін – туу туралы куәлік
- Медициналық анықтама – №075-У форма (флюорография нәтижесімен)
- 4 дана 3×4 өлшемдегі фотосурет
Талапкер оқуға түсу кезінде бір уақытта 4 мамандық пен 4 колледжді таңдай алады.
Жеңілдіктер мен квоталар (ҚР Оқу-ағарту министрінің № 261 бұйрығына сәйкес):
- 1 және 2 топтағы мүгедектерге – 10%;
- Көп балалы отбасынан шыққан балаларға – 5%;
- Толық емес отбасынан шыққан балаларға – 1%;
- Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға – 1%;
- Ауыл жастарына – 35%;
- Мерзімді әскери қызметтен келген азаматтарға – 1%;
- Қазақ ұлтынан, бірақ Қазақстан азаматтығы жоқ жастарға – 4%;
- Мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасындағы балаларға – 5%
Comments are closed