ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

  Түркістан облысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына құжат қабылдау 2025 жылғы 25 маусымнан басталды!

🎓 2025–2026 оқу жылына 15 500 грант бөлінген, оның 9 600-і жұмысшы мамандықтарға қарастырылған.
🔧 IT, техника, ауыл шаруашылығы, энергетика, машина жасау және басқа да сұранысқа ие бағыттарда оқуға мүмкіндік бар.

📍 Құжат тапсыру жолдары:
✅ egov.kz порталы арқылы;
✅ немесе тікелей колледжге барып.

🔸 Ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу мақсатында грантқа түсетін талапкерлерді іріктеу Министрлік бекіткен электронды платформада жүргізіледі;

🔸 Талапкердің таңдаған мамандығына сәйкес аттестатындағы (куәліктегі) тиісті пәндердің бағалары платформаға енгізіледі және іріктеу автоматты форматта сол бағалардың орта шамасы негізінде жүзеге асырылады, яғни сырттан ешкім ықпал ете алмайды.

📝 Үміткерлерге:
▪️ 4 мамандық
▪️ 4 колледжді бір уақытта таңдауға болады!

📅 Қабылдау мерзімі мамандыққа байланысты:
Толық ақпарат төменде 👇

📂 Қажетті құжаттар:
1. Аттестат (9 немесе 11 сынып)
2. Жеке куәлік/туу туралы куәлік
3. №075-У медициналық анықтама
4. 3×4 өлшемдегі 4 фото
5. Өтініш (колледжде толтырылады)

🎯 Арнайы шарттар мен квоталар да қарастырылған (мүгедектігі бар жастар, көпбалалы отбасы балалары, ауыл жастары және т.б.)

📌 Уақытыңды өткізіп алма! Армандаған мамандығыңды бүгін таңда!
Толығырақ ақпарат колледждерде және egov.kz порталында.

#

Comments are closed