2025 жылдың 16-шы қыркүйегінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік клиникасының гинекологы А.Кулманбетова, Түркістан қаласы әжелер алқасының төрайымы А.Абанқызы және колледж қыздар кеңесінің төрайымы Н.Ибрагимова, колледж мейірбикесі Н.Әсіл, колледж педагог-психологы А.Тураева, әлеуметтік педагог Б.Тұрсынханның қатысуымен кең ауқымда қыздар жиналысы өтілді.
Жиналыс ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбында болды. Қыз баланың жеке бас гигиенасы, тазалық тәртібі бойынша туындайтын мәселелер талқыланды. Жиналыс соңында мамандар ұлтымыздың қыз баланың ізеттілігі мен мәдениеттілігін -сыртқы бет пішіні мен киім киісіне, сөзіне қарап бағалағандығын, сол себептен қызы тәрбиелі елдің болашағы зор болатындығын тілге тиек етті. Өйткені, ұлттың болашағы қыздың құрсағынан басталады деп болашаққа дұрыс бағыт-бағдар беретін ақыл-кеңестерін айтып қорытындылады.

Comments are closed