Колледж оқушылары арасында әлімжеттік пен бопсалаудың, құқықбұзушылықты болдырмаудың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізу барысында Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Б.Мейрханов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев кездесу ұйымдастырды. Іс-шара барысында құқықбұзушылық туралы, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігін алдын алу бойынша, сондай-ақ жастар арасында болып жатқан қылмыстың түрлі мәселелеріне туралы тақырыптар қозғалды. Қазіргі таңда жастар арасында, әсіресе кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі жөнінде мектептерге, колледждерге, жалпы оқу орындарына барып, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын, оның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі сағат 22:00-де ойын сауықтарда отыруы, сондай ақ түнгі сағат 23:00-ден кейін көшеде жүруге болмайтынын, түнде жүрген кезде бірінші ескерту беріліп, сосын айыппұл салынатындығын, егерде осы аталғандар орындалмаған жағдайда есепке алынатыны ескертілді. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастардың қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға бейімделуі қажеттілігін атап өтті.
Comments are closed