2025 жылғы 24 қыркүйекте кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Б. Мейрханов және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш. Надирбаев колледж маңындағы дүкендерді аралады.
Іс-шара барысында дүкен иелеріне жасөспірімдерге электрондық темекі, вейп, темекі өнімдері мен өзге де тыйым салынған заттарды сатуға қатаң тыйым салынғаны түсіндіріліп, ескертулер жасалды.
Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.

Comments are closed