Оқу ордамызда Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдаудың мәні мен мазмұнын түсіндіру мақсатында кездесу өтті.
Кездесуге Түркістан облыстық «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Жұман Жансерік қатысып, Жолдаудағы негізгі бағыттар, жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және олардың қоғам игілігіне қызмет ету жолдары жайында ойымен бөлісті.
Әрбір студент өз пікірін ашық білдіріп, қоғамдағы белсенділіктің маңыздылығын атап өтті. Жолдауда айтылған қадамдар еліміздің түбегейлі цифрлық жаңғыруына және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталғаны айтылды.
Әр жас – өзгерістердің бастамашысы!
Жастар қанаты – үлкен саяси мектеп. Бізбен бірге болып, болашаққа сеніммен қадам басуға шақырамыз!

Comments are closed