Оқу ордамызда кәмелеттік жасқа толмағандар арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу мақсатында апталық іс-шаралар жоспары ұйымдастырылуда.
Аталған жоспар аясында әлеуметтік педагог Б. Тұрсынхан мен педагог-психолог А. Тураева білім алушыларға:
🔹 «Жалғыз емессің – біз бармыз!»
🔹 «Сенім – ең мықты терапия»
🔹 «Қолдау көрсетуді қалай үйренеміз?»
тақырыптарында бейнероликтер ұсынып, мазмұнды талқылаулар өткізді.
Бұл шаралар – жастардың өмірге деген сенімін арттыруға, бір-біріне қолдау көрсетуге, мейірімді орта қалыптастыруға бағытталған.

Comments are closed