Елеусіз Іңкәр – «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің 2 курс студенті. Ол бүгінде «Rixos» қонақ үйінің «Kazakh Asia» мейрамханасында дуальді оқыту жүйесі негізінде кондитер болып қызмет етуде.
«Ас – адамның арқауы» дегендей, Іңкәр күнделікті еңбегі арқылы әрбір тәттіні ерекше ықыласпен әзірлеп, адамдарға қуаныш сыйлайды. Бір күндік жұмысы – тек тәтті дайындау емес, ол үлкен шыдамдылық пен шығармашылықты қажет ететін шеберлік мектебі.
🔹 Өндірістегі тәжірибесі арқылы ол кәсіби дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, шынайы еңбектің қадірін сезініп келеді.
🔹 Шебердің қолынан шыққан әр өнім – оның ізденісі мен еңбегінің жемісі.
🔹 Бұл тәжірибе – болашақ маман ретінде кәсіби жолға нық қадам басуына үлкен мүмкіндік.
✨ Өндіріс шеберлерінің жұмысы – қоғам үшін аса маңызды. Олар әрбір білім алушыға тәжірибе мен шынайы еңбек мектебін сыйлап, болашақ кәсіпқой мамандардың қалыптасуына жол ашады.

Comments are closed