«Сән технологиясы», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандықтары бойынша білім алатын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен «Mamandyq fest» халықаралық байқауында колледжіміздің студенті Ерубай Нұрайым «Жыл тақырыбына сай жасалған ең үздік киім топтамасы» номинациясының иегері атанды.
Аталған байқауда студентіміздің кәсіби шеберлігін шыңдауда жетекшісі Розметова Мафтуна үлкен үлес қосты.
Бұл жетістік – «Еңбек адамы» бейнесінің оң имиджін қалыптастыруға, студенттердің шығармашылық қабілеті мен кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған еңбектің нәтижесі болып табылады.
Колледж ұжымы атынан студентімізді және жетекшісін шын жүректен құттықтап, алдағы істеріне шығармашылық табыстар тілейміз!

#

Comments are closed