2 қазан – Қазақстан Республикасы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні кәсіби мерекесін атап өту тұжырымдамасы аясында «Шеберлік құпиялары» атты шеберлік сыныптары ұйымдастырылуда.
Бұл шараның басты мақсаты – ТжКББ жүйесінің мәртебесін арттыру және мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру.
👩🍳 Аспазшы мамандығының оқытушылары мен студенттері №34 жалпы орта мектеп оқушыларына:
• «Карвинг өнері – көкөніс пен жемісті көркемдеп өңдеу технологиясы»
• «Мейрамхана сервисі: шебер қолдардан»
тақырыптарында тәжірибелік сабақтар өткізді.
📺 Сонымен қатар, шара барысында Түркістан қаласының «77 TV» арнасына сұхбат беріліп, кәсіби білімнің қоғамдағы рөлі мен маңызы кеңінен насихатталды. Сұхбатқа сілтеме (https://www.instagram.com/reel/DPFELRfCF_w/?igsh=ZXIzOGhybHMzZHA3)
🔹 Осындай шеберлік сабақтары арқылы жас ұрпақ мамандықтың қыр-сырымен танысып, болашақ кәсібін таңдауға құнды бағыт-бағдар алды.

#

Comments are closed