Колледжде ТжКББ күні кәсіби мерекесін атап өту қарсаңында жоспарланған шеберлік сабақтары өтуде. Атап айтқанда, аспазшы мамандығының студенттері:
🍕 «Нағыз пицца құпиялары»
🍫 «Брауни тортын дайындау»
🥗 «Малибу салатын дайындау»
тақырыптарында тәжірибелік сабақтар өткізді.
«Білім алмасу» шеберлік-сыныбы – болашақ тәлімгерлер мен өзгелерді үйрете алатын мамандарды тәрбиелеуге бағытталған жоба. Бұл шара білімнің екіжақты үдеріс екенін көрсетеді: студенттер де өз ұстаздарын үйрете алады.
Осындай бастамалар өзара құрметті қалыптастырып қана қоймай, ұрпақтар арасындағы байланысты да нығайтады.

Comments are closed