Колледжіміздің «Ветеринария» мамандығы бойынша білім алып жүрген 1 курс студенттері мамандықтың қыр-сырын тереңірек түсіну мақсатында еліміздегі инновацияны тиімді қолданып отырған бірегей кәсіпорын – «Бөрте Милка» сүт фермасына танымдық экскурсия жасады.
Студенттер автоматтандырылған швед технологиясымен жабдықталған заманауи ферманың тыныс-тіршілігімен танысып, өндіріс процесін өз көздерімен көрді. Бұл тәжірибе олардың болашақ мамандықтарына деген қызығушылығын арттыра түсті.
Осындай сапарлар студенттеріміздің кәсіби білімін кеңейтіп қана қоймай, болашақта бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына жол ашады.

Comments are closed