ТжКББ жүйесінің мәртебесін арттыру және мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында «Ветеринария» мамандығының арнайы пән оқытушылары мен студенттері Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №27 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушыларына «Шеберлік құпиялары» атты шеберлік-сынып өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға жануарлардан алынатын өнімдерді ветеринарлық-санитарлық сараптау әдістері көрсетіліп, тәжірибелік жұмыстар орындалды. Сонымен қатар, түрлі сұрақ-жауаптар арқылы оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беріліп, ветеринария саласының қыр-сыры түсіндірілді.
Бұл шара жасөспірімдердің кәсіби қызығушылығын оятып, болашақ мамандық таңдауға сенімді қадам жасауына мүмкіндік берді.

#

Comments are closed