Болашақ тәлімгерлер мен кәсіби мамандарды дайындауға бағытталған «Білім алмасу» жобасы аясында колледж студенттері «Toshiba аппаратымен инвентаризация жүргізудің артықшылықтары» тақырыбында шеберлік-сынып өткізді.
Іс-шара барысында студенттер заманауи құралдың мүмкіндіктерімен танысып, тәжірибе жүзінде жұмыс жүргізудің тиімді тәсілдерін үйренді. Шеберлік-сынып жастардың кәсіби құзыреттілігін арттырып қана қоймай, болашақ маман ретінде технологиялық білімін тереңдетуге ықпал етті.

Comments are closed