23 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтіп жатқан «ТжКБ әуені» атты іс-шара аясында колледжімізде бірқатар тағылымды шаралар ұйымдастырылды. Соның ішінде колледждің әнұраны жазылып, орындалды.
Әдеби кешке өнерсүйер студенттер қатысып, оқу ордамызға деген сүйіспеншілігі мен құрметін жүрекжарды жыр шумақтарымен өрнектеді.
Мүшәйраның басты мақсаты – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлеріне құрмет көрсету, студенттердің шығармашылық қабілетін шыңдау, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ колледждің маңыздылығын бейнелеп, жүйенің құндылықтары мен миссиясын дәріптеу болды.
Бұл тағылымды шара жас ақындарға шабыт беріп, колледж рухын жырға қосты.

Comments are closed