Ұрпақтар сабақтастығын нығайту, дәстүрлерді орнықтыру және қауымдастық пен мұра сезімін қалыптастыру мақсатында колледжімізде «Болашаққа хат» атты мәдени-тарихи жоба жүзеге асты.
Жоба аясында студенттер, оқытушылар мен колледж қызметкерлері болашақ ізбасарларына арнап жүрекжарды тілекхаттарын жазып, арнайы дайындалған капсулаға салды. Бұл капсула колледждің көрнекі орнына орналастырылды.
Бұл бастама – келер ұрпаққа аманат, бүгінгі күннің тағылымы мен ізгі тілектерін жеткізетін тарихи естелік болып қалмақ.

#

Comments are closed