«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі кітапханасында 3 қазан 2025 жылы Ұстаздар күніне орай «Ұстазым – нұрлы шуағым» атты көрме ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – ұстаздарды ұлықтау, олардың еңбегін бағалау және жастардың жүрегіне ұстазға деген құрмет сезімін ұялату.
Кітапханашылар көрме барысында студенттерге «Ұстаз» сөзінің киелі де қастерлі ұғым екенін түсіндіріп, ұстаздың қоғамдағы орны мен рөлін дәріптеді. Студенттер ұстаздарға арналған өлең шумақтарын мәнерлеп оқып, алғыс пен ізетке толы жылы лебіздерін білдірді.
Көрме қатысушыларға ұстаз еңбегінің ұлылығын сезінуге, білім мен тәрбиенің мәнін түсінуге зор әсер қалдырды.

Comments are closed