Бүгін колледжімізде ұлы ойшыл, ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың рухани мұрасын насихаттауға арналған ашық тәрбие сағаты өтті.
Шара барысында студенттер Абайдың өмір жолы мен шығармашылығына шолу жасап, өлеңдерін жатқа айтып, қара сөздерінен үзінділер келтіріп, терең ойларымен бөлісті. Топтар «Абай – дана, Абай – дара қазақта» деген атаумен сайысқа түсіп, ақынның тағылымды туындыларын қазіргі заманмен байланыстырып, өз көзқарастарын білдірді.
📖 Мақсаты – жастарды Абай мұрасы арқылы рухани байлыққа, адамгершілікке, білімге, ұлттық құндылықтарға баулу.
Осындай мазмұнды тәрбие сағаттары – студенттердің тұлғалық дамуына, ой-санасының кеңеюіне үлкен үлес қосады.

Comments are closed