№3 жатақхана студенттеріне арналған тазалық және ішкі тәртіп ережелері бойынша жиналыс өткізілді.
Жиналысқа қыздар төрайымы Н. Ибрагимова, колледж педагог-психологы А.Тураева, мейірбике Н.Әсіл, әлеуметтік педагог Б.Тұрсынхан және жатақхана тәрбиешісі С.Абдихадирова қатысып, студенттермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында құқықбұзушылықтың алдын алу, жатақхана ішкі ережелерін сақтау, өрт қауіпсіздігі талаптары мен тазалық мәдениетін қалыптастыру тақырыптары талқыланды.
Сонымен қатар, студенттердің тұрмыс-тіршілігімен танысып, қандай да бір мәселе туындаған жағдайда Жастар ұйымына жүгіну қажеттігі ескертілді.
Мақсаты: студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жауапкершілік пен тәртіпке баулу, тазалыққа үйрету.
Жиын соңында студенттер өз сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Сондай-ақ, жатақхананың тұрмыстық жағдайына қанағаттанатындықтарын білдірді.

#

Comments are closed