Бүгін оқу ордамызда КСРО және Қазақстанның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, кино және театр актері, режиссер, театр педагогы, профессор, Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті Асанәлі Әшімов қонақта болды.
Кездесу барысында Асанәлі Әшімов атамыз студенттермен «Адалдық», «Рухани тазалық», «Жастардың жауапкершілігі» тақырыптарында терең ой бөлісіп, жастарды еңбекқорлық пен шынайылыққа шақырды.
Диалог ашық форматта өтті — студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өмірлік тәжірибеге негізделген құнды жауаптар алды. Кездесу барысында ұрпақтар арасындағы рухани сабақтастық пен өнерге деген құрмет айқын сезілді.

#

Comments are closed