МАҒЖАН ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ
15 қазан күні оқу ордамыздың студенттері Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрының талантты актерлерімен өткен ерекше шығармашылық кездесуге қатысып, рухани кештің куәсі болды.
Кездесу барысында театр әртістері көрермендерге «Өйтпесе Мағжан бола ма» атты драмалық эссе қойылымын ұсынды. Ерекше музыкалық сүйемелдеумен, түрлі-түсті сахналық киімдермен безендірілген бұл қойылым — жастардың бойында ұлттық рух, еркін ой мен отаншылдық сезімін қалыптастыратын тағылымды туынды болды.
🎭 Театр – адам жанының айнасы. Бұл кездесу студенттерге өнердің құдіретін сезінуге, рухани байып, шығармашылыққа шабыт алуға үлкен мүмкіндік берді.
Comments are closed