«Жалпы білім беру пәндері және дизайн» циклдік комиссиясының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект және жаңа Қазақстан» айлығы аясында «СӘН ӘЛЕМІ – 2025: ЖАҢА СТИЛЬ, ЖАҢА ӨРНЕК» және «МЕН ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ БЕЙНЕЛЕЙМІН» тақырыптарында сәндік дефиле мен бейнелеу өнері байқауы өтті.
Іс-шара барысында болашақ киім дизайнерлері өздерінің ерекше шығармашылық идеяларын паш етті:
👗 КДН-0922 тобы – бишілер киім үлгісін ұсынды;
🧵 КДН-0923 тобы – құрақтан тігілген сәнді костюм топтамасын көрсетті;
♻️ КДН-0924 тобы – кеңсе заттарынан жасалған креативті киім коллекциясымен таң қалдырды.
Сонымен қатар, «Мен жаңа Қазақстанды бейнелеймін» сурет байқауында КДН-0924 тобының студенті Алтынбек Нұрай І орынды жеңіп алды. 🥇
Жас дизайнерлер мен суретшілердің тың идеялары – жаңа Қазақстанның заманауи болмысының жарқын көрінісі! 🇰🇿

Comments are closed