«Жалпы білім беру пәндері және дизайн» пәндік комиссиясының «Жасанды интеллект және жаңа Қазақстан» айлығы аясында КДН-0925 тобының қатысуымен «Қазақ хандығының құрылуы – тарихи үдерістердің заңды нәтижесі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында студенттердің тарихи білімін тереңдетіп, ойлау және талдау қабілеттерін дамыту мақсатында түрлі белсенді әдістер мен заманауи цифрлық платформалар қолданылды. Атап айтқанда:
🧩 «Тарихи домино» ойыны
⚡ «Жылдамдық драйві» әдісі
❓ «Сұрақтар рубрикасы»
🖥️ «Тарихи диктант» (Wordwall платформасы)
🎤 «Кезбе тілші» әдісі
Сабақ студенттердің қызығушылығын арттырып, өз пікірін еркін жеткізе білуге және тарихи оқиғаларды талдай отырып қорытынды жасауға бағытталды.

Comments are closed