Қазан айының 21-і күні «Әлеуметтік және педагогикалық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің «Жастар және республика: Еркіндік пен еңбектің тоғысы» атты апталық іс-шарасы аясында Экономика пәнінің арнайы оқытушысы Д.Садуахас ЭЕМ-0924-2 тобына «Банк және қаржы-несие жүйесі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты – студенттерге банк жүйесінің мәні мен құрылымын түсіндіру, қаржы-несие жүйесінің экономикалық маңызын ашу, сондай-ақ банктердің экономикадағы рөлін, олардың несиелік және есеп айырысу операцияларын меңгерту.
Ашық сабақ барысында студенттер қаржы институттарының қызметін талдап, банк жүйесінің негізгі элементтері мен олардың өзара байланысын тәжірибе жүзінде қарастырды. Сонымен қатар, экономикалық ұғымдарды нақты мысалдар арқылы бекітіп, топтық және жеке тапсырмалар орындау арқылы білімдерін шыңдады.

#

Comments are closed