2025 жылдың 22 қазанында «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде «Костюм құрастырудағы ерекше фасондарды модельдеу» тақырыбында шығармашылық бағыттағы ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты — студенттерге заманауи сән үлгілеріне сай киім фасондарын құрастыру мен оларды модельдеу әдістерін меңгерту, шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Ашық сабақ барысында оқытушы студенттерге ерекше стильдегі костюм фасондарын жобалау кезеңдерін түсіндіріп, фасондық модельдеудің негізгі әдіс-тәсілдерін тәжірибе жүзінде көрсетті. Студенттер өз қолдарымен эскиздер салып, түрлі пішімдегі киім үлгілерін құрастырып, сәндік шешімдерін қорғады.
Іс-шара шығармашылық атмосферада өтіп, қатысушылар тарапынан жоғары қызығушылық пен белсенділік танытылды. Бұл сабақ студенттердің кәсіби шеберлігін шыңдап, сән индустриясында өз орнын табуға бағытталған маңызды тәжірибе болды. 💫

Comments are closed