“Түркістан Ахмет Ясауи” кәсіби колледжінің №3 жатақханасында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында жиналыс өтті.
Іс-шара барысында буллинг, кибербуллинг, лудомания, ерте жүктілік, зорлық-зомбылық, вейп пайдалану және нашақорлық сынды өзекті мәселелер талқыланып, олардың алдын алу жолдары түсіндірілді.
✍️ Жиналысқа Түркістан қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары, аға лейтенанттар Н. Купаев пен Б. Садыев, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш. Надирбаев және жатақхана тәрбиешісі С. Абдихадирова қатысып, студенттерге құқықтық сауаттылық пен жеке жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті.

#

Comments are closed