«Жалпы білім беру пәндері және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінде «Жасанды интеллект және жаңа Қазақстан» тақырыбындағы айлық іс-шара жоспары жүзеге асырылуда.
🔹 Осыған орай, ВДН-0925-1 тобына математика пәнінің оқытушысы Сыздыкова Назым « n-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері » тақырыбында ашық сабақ өткізді.
📌 Сабақтың мақсаты:
n-ші дәрежелі түбірдің анықтамасын түсіну. Теріс және оң сандарға қатысты түбірдің бар болу шарттарын ажырату.Түбір мен дәреже арасындағы байланысты анықтау.
📈 Сабақ барысында:
✅ Түбірдің қасиеттерін қолдана отырып өрнектерді түрлендіруді, есептерде түбірді ықшамдау және рационалдау әдістерін қолданды.
✅ Логикалық, алгоритмдік және символдық ойлау қабілеттерін дамытты,формулалармен еркін жұмыс жасауға үйренді.
✅ Ашық сабақ студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, математикалық білімдерін тереңдетуге бағытталды.

#

Comments are closed