🔹Бүгін университетімізде студенттер арасындағы факультетаралық XXXIV дәстүрлі спартакиада өз мәресіне жетті.
🔸Спартакиаданың басты мақсаты — студенттер арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау және спорт түрлері бойынша университеттің құрама командасын жасақтау болды. Спорттық дода жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар өз шеберліктерін паш етті.
🔹Командалар 8 спорт түрінен: волейбол (қыздар, ерлер), қол күресі, тоғызқұмалақ, кіші футбол, үстел теннисі, арқан тарту, эстафета және ату спортынан өзара бақ сынады.
🔸Жабылу салтанатында алғашқы сөзді Жастар департаментінің директоры Жандәулет Болат алып, спорт – денсаулық кепілі екенін атап өтіп, дәстүрлі спартакиадаға белсене қатысқан студенттер мен ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
🔹Сондай-ақ, Спорт факультетінің деканы, профессор Ермек Сейдахметов жарыстың маңызы мен мақсатына тоқталып, қатысушыларға жігер беретін лебізін білдірді.
🔸PR-медиа бөлімінің басшысы Гүлдана Қазтай да сөз алып, студенттерді ынталандырып, жеңімпаз командаларды құттықтап, марапаттады.
🔹Сайыс қорытындысы бойынша:
I орын – Жаратылыстану ғылымдар факультеті,
II орын – «Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби» колледжі,
III орын – Кентау кампусы иеленді.
🔸Сонымен қатар, әр спорт түрінен ерекше көзге түскен қатысушылар арнайы марапаттар мен сый-сияпаттарға ие болды.
🔹Барлық қатысушыларды айтулы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Comments are closed