«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі студенттері «Тәлімгер» әлеуметтік реалити жобасында үздік нәтижелер көрсетті.
Аспаз бағыты бойынша студентіміз Елеусіз Іңкәр бас жүлдені жеңіп алып, сондай-ақ әлеуметтік желідегі белсенділігі үшін «Көрермен көзайымы» номинациясына ие болды. Бұл бағытта қатысқан 5 студентіміз Алғыс хатпен марапатталды.
«Киіз кілем шебері» бағыты бойынша «Киім дизайны» мамандығының түлегі Нақып Нұрида бас жүлде иегері атанды. Осы бағытқа қатысқан студенттер арасынан 2 студент Алғыс хат алды.
«Тәлімгер» жобасы – жас мамандарды қолдауды, кәсіби қабілеті мен шеберлігін дамытуға жағдай жасауды мақсат ететін әлеуметтік реалити жоба. Қатысушылар бағыт бойынша практикалық тапсырмалар орындай отырып, өз кәсібін дамытуға бағытталған менторлық қолдау алады.
Жеңімпаз жастарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектеріңіз еленген жолыңыз құтты болсын!
Шығармашылық шабыт, кәсіби биіктік және жаңа мүмкіндіктер есігі әрдайым ашық болғай!

Comments are closed