3 қараша күні «Бағдарламалау және информатика» пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен «IT START: Идеядан инновацияға» атты айлық іс-шарасы ресми түрде бастау алды.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің IT саласына қызығушылығын арттыру, бағдарламалау, цифрлық сауаттылық, инновациялық ойлау және жобалау дағдыларын дамыту. Алдағы күндері студенттер хакатон, мастер-класс, ашық сабақтар, жаңашыл жоба таныстырулар, IT mini-турнир және кәсіби бағыттағы кездесулерге қатысып, өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Бұл айлық іс-шаралар – педагогтердің шығармашылық әлеуетін ашуға, жаңа технологияларды зерттеп, тәжірибеде қолдануға бағытталған.

Comments are closed