Колледжде «Менің жетістігім – менің нәтижем» тақырыбында мотивациялық тренинг өткізілді. Шара барысында қатысушылар өз даму жолын бағалау, жетістіктерге оң көзқараспен қарау, және кішкентай қадамдардың да үлкен нәтижеге бастайтынын түсіну бағытында жұмыс жүргізді.
Тренингке қатысқан студенттер өздерінің күнделікті шағын жетістіктерін назардан тыс қалдырмай, оларды болашақ үлкен мақсаттарға жетелейтін маңызды баспалдақ ретінде бағалауды үйренді. Сонымен бірге, ішкі мотивацияны арттыру, өзін-өзі қолдау, жеке мақсат қою және жетістік стратегияларын қалыптастыру бойынша практикалық тапсырмалар орындалды.
Шараны колледж педагог-психологы А.Тасболатқызы жүргізді.

#

Comments are closed