2025 жылдың 11 қараша күні оқу ордамызда топ жетекшілерінің ұйымдастыруымен ұлы ғалым, ағартушы, қазақ халқының біртуар перзенті Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Шоқтығы биік — Шоқан» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылық жолын тереңірек таныстыру, оның адамгершілік, әділдік, еңбексүйгіштік қасиеттерін үлгі ете отырып, жастарды шыншылдыққа, жауапкершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Comments are closed