2025 жылдың 11 қараша күні “Бағдарламалау және информатика” пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің ұйымдастыруымен «IT-Start: Идеядан – инновацияға» айлық іс-шарасы аясында ВДН-0924 тобына «Тізімдер. Тізімдерге пайдаланылатын амалдар» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты — студенттерге Python бағдарламалау тіліндегі тізім (list) ұғымын, оның құрылымы мен ерекшеліктерін түсіндіру, сондай-ақ тізімге қатысты амалдарды нақты есептерде тиімді қолдануға үйрету.
Сабақ барысында студенттер тізімдердің негізгі қасиеттерін, индекстеу тәсілдерін, элементтерді қосу және біріктіру әдістерін меңгеріп, практикалық тапсырмалар арқылы өз білімдерін бекітті.

Comments are closed