Оқу ордамыздың топ жетекшілері «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Өңірдің экологиялық мәселелері және олардың шешу жолдары» тақырыбында ашық тәрбие сағатын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында студенттер экология тақырыбында жағдаяттық тапсырмалар орындап, сұрақ-жауап арқылы өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, «Жасанды интеллект және қоршаған орта» тақырыбында жоба жұмысы қорғалып, табиғатты қорғау бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар талқыланды.
🔹 Шараның мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатты аялауға және заманауи технологияларды экологиялық мәселелерді шешуге бағыттай білуге тәрбиелеу.

#

Comments are closed