2025-2026 оқу жылының 10 қарашасында «IT Start: Идеядан – инновацияға» атты айлық іс-шара аясында студенттер арасында ерекше форматта өткен «ТехноШайқас 0923» атты IT сайысы ұйымдастырылды.
Бұл сайыстың басты мақсаты – студенттердің логикалық ойлау қабілетін дамыту, ақпараттық технологияларға деген қызығушылығын арттыру және таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілігін нығайту болды.
Сайысқа колледждің 3-курс студенттері қатысып, өз білімдері мен IT саласындағы шеберліктерін паш етті. Әр қатысушы өз идеясы мен инновациялық көзқарасын көрсетіп, нағыз техно-тартыс атмосферасын қалыптастырды.
💡 Осындай белсенді, ізденімпаз жастарымыз барда, еліміздің ақпараттық технология саласы сенімді қолда екені сөзсіз!

#

Comments are closed