Іс-шараға Түркістан қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімі Жастар орталығының теолог маманы Нуриддинов Бахауддин, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев,педагог-психолог А.Тураева,әлеуметтік педагог Б.Тұрсынхан және колледж студенттері қатысты.
Мақсаты — жасөспірімдерге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.
Кездесу барысында мамандар діни экстремизм мен терроризмнің қаупі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жастарға олардың алдын алу жолдары мен дұрыс діни ақпараттың маңыздылығын жеткізді.
Сонымен қатар, студенттерге кереғар діни ағымдардан сақтану әдістері туралы кеңестер берілді. Студенттер өз сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті ақпарат алды.

#

Comments are closed