2025–2026 оқу жылының 23 қазан күні «Жалпы білім беру пәндері және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия айлығы аясында, “Жасанды интеллект және Қазақстан” тақырыбы бойынша жоспарланған іс-шаралар барысында арнайы пәндер оқытушысы Бекмұрзаева Аида Кдн-0924 тобына «Ежелгі Қытай мәдениеті: әйелдер мен ерлер киімі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақтың мақсаты – ежелгі Қытай өркениетінің дәстүрлі киім үлгілерімен таныстыру, әйелдер мен ерлердің ұлттық киімдерінің тарихи және мәдени ерекшеліктерін талдау, сәндік өнерді тану және стильдік талдау дағдыларын қалыптастыру болды.
Сабақ барысында студенттер ханфу, жыртық-шапан, шэньи, жуаньлин секілді дәстүрлі киім түрлерінің құрылымы, элементтері және тігілу тәсілдерімен танысып, тарихи деректермен жұмыс істеу арқылы киім өнерінің мәні мен маңызын тереңірек меңгерді.
Бұл ашық сабақ студенттердің шығармашылық ойлауын дамытып, мәдениет пен сән өнерінің байланысын түсінуге мүмкіндік берді.

Comments are closed