Қараша айының 17-і күні «Филологиялық» пәндік (циклдік) комиссияның ұйымдастыруымен «Тіл – ұрпақ сабақтастығының діңгегі» атты апталық іс-шарасының ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті.
Апталықтың мақсаты – білім алушылардың қазақ, орыс және шет тілдеріне деген қызығушылығын арттыру, тілдік білімін кеңейту, сөйлеу мәдениеті мен жазу сауаттылығын жетілдіру. Сонымен қатар, тіл арқылы ұлттық рухты көтеру, студенттердің коммуникативтік құзыреттілігін дамыту және тіл мәдениетін қалыптастыру көзделді.
Апталық аясында түрлі танымдық, шығармашылық, білім сайыстары мен іс-шаралар ұйымдастырылып, білім алушылардың тілдік әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілетін болады.

#

Comments are closed