«IT Start: Идеядан – инновацияға» айлық іс-шарасы аясында «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы топтарының қатысуымен «Yassawi Tech II» байқауының кезекті — II кезеңі өтті.
Бұл кезең графикалық дизайн бағытына арналды. Графикалық дизайн – тек әдемі көрінетін сурет емес, ақпаратты визуалды түрде сауатты, анық әрі ықшам жеткізуге бағытталған көпкезеңді шығармашылық процесс.
Студенттер өз ойларын креативті тәсілмен бейнелеп, көркемдік талғамдары мен техникалық дағдыларын шыңдады.

Comments are closed